Uncategorized @kz

Дауыс шымылдықтарын қалпына келтіруге және оған түсетін қысымды алуға арналған екі жаттығу

Опубликовано: November 16, 2019 в 5:17 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Тамақтағы жағымсыз жағдайлар тұмауратып аурудың салдарынан, және сөз сөйлегенде немесе ән айтқанда дауыс шымылдықтарына қатты күш түсуден туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда, консервативті емдеуден басқа, дауысты қысқа мерзімде тиімді түрде қалпына келтіруге көмектесетін жаттығулар дауыс шымылдықтарын қалпына келтіруге ықпал етеді. Бұл жаттығулар тамақ ауруларының профилактикасы үшін пайдалы.

1 жаттығу: Штробас немесе дауыс шымылдықтарын жалған дірілдету

Штробас – ол кәсіби музыканттар, сондай-ақ тамақпен қырылдап ән айтатын орындаушылар тәжірибеде жиі қолданатын ән айту техникасы.

Штробас жаттығуын қалай жасайды:

Дауыс ымылдықтарын босатыңыз, мұрын арқылы ауаны жұтыңыз, аузыңызды жәйлап ашыңыз да, босаңсыған дауыс қуыстары арқылы төменгі регистрде дыбыс шығарыңыз. Бұл майдың табада шыжылдағанындай болуы керек.

Бұл жаттығуды дәріс оқыр, презентациялар жасарда немесе сөз сөйлер немесе ән айтар алдында жасаған пайдалы. Штробас шымылдықтарды ішінен босаңсытуға және уқалауға көмектеседі.

2 жаттығу – төменгі тонда ыңырану

Бұл техника мантраларда жиі қолданылады және тыныштандыратын эффектіге ие. Төменгі тонда ыңырану барлық денеге әрекет етеді және қысылған дауыс шымылдықтарына жақсы әсер етеді.

Төменгі тонда ыңырану жаттығуын қалай жасайды:

Ыңғайлы отырып алыңыз, денені толығымен босатыңыз, мұрынмен терең дем алыңыз және дем шығарарда жәйлап ашылған еріндер арқылы «а-о-у-м» дыбыстарын кезектерімен шығарыңыз. Дыбыстарды кезегімен айтуды деміңіз аяқталғанға дейін шығарыңыз. Біраз үзіліс жасаңыз да, жаттығуды бірнеше мәрте қайталаңыз.

Бұл жаттығу дауыс шымылдықтарын қалпына келтіріп қана қоймайды, сонымен бірге маңызды сөз сөйлерде немесе ән айту алдында өзіңізді соған жақсы икемдейді және тыныштандырады. Жаттығудың тиімділігін арттыру үшін, тамақ тұсын жеңіл уқалау керек.

Дауысқа арналған тыныс алу жаттығулары

Опубликовано: November 16, 2019 в 5:15 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Тыныс алу – дұние есегін ашқан сәттен басталатын рефлекторлық үдеріс. Өмір бойы бізде, тыныс алу органдарына қатыстыларын қоса алғанда, бұлшық еттердің әртүрлі тырысулары болады. Тыныс алу жаттығуларын бұрыс жасау, кейбір жағдайларда, тыныс алу жолдарының әрүрлі ауруларын қоздыруы да мүмкін. Дауыс пен тыныс алу өзара тығыз байланысты және көбінесе дұрыс тыныс алу әдемі және сенімді тембрге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тыныс алу жаттығулары тіпті кәсіби әнші немесе дәріс оқушы болмасаңыз да өте пайдалы болып табылады. Олар дауыс шымылдықтарындағы қысылуды алуға көмектеседі, дауысты едәуір жайлы, естуге жағымды етеді, сонымен қатар тыныс алу аппаратының қызмет етуі үшін өте маңызды дем алу үдерісінің өзін түзетеді.

Эстрадалық және опера әншілерінің пайдаланатын көптеген тыныс алу жаттығулары йога тәжірибесіне негізделеді. Бұл техника дауыс шымылдықтарын босаңсытуға, қалпына келтіруге және нығайтуға мүмкіндік береді.

Ересек адамдар да, балалар да орындауға болатын жаңадан бастаушыларға арналған 3 тыныс алу жаттығулары:

№1 жаттығу
• Тік тұрыңыз және саусақтарыңызды денеңіздің бойымен ашып қойыңыз;
• Мұрыныңызбен дем алыңыз;
• Мұрын немесе ауыз арқылы қысқа және жылдам дем шығарыңыз, және алақандарыңызды жұдырыққа түйіңіз.

• Жаттығуды 5-6 рет, әрбір қайталау алдында біраз үзіліс жасап алып қайталау керек;
• Есіңізде болсын, саусақтарыңыз жұдырыққа түйілгеннен кейін, босаңсуы керек. Дем шығаруды міндетті түрде қадағалаудың керегі жоқ. Барлық назарды демді ішке тартуға аудару керек;
• Жаттығу барысында ауаны ұстап қалмаңыз;
• Жаттығуды тұрып та, отырып та жасауға болады.

№2 жаттығу

• Қолдарыңызды жұдырыққа түйіңіз және оларды беліңіздің тұсына қойыңыз;
• Мұрыныңызбен шулы дем алыңыз және осымен бір уақытта жұдырықтарыңызды қатты түйіңіз. Бұл жерде иықтарыңыз да жиырылуы тиіс, ал жұдырықтарыңыз еденге қарай бойлауы керек;
• Дем шығара отырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
Жаттығуды 2-3 рет тұрып, отырып және жатып 8 мәртеден қайталауға болады.

№3 жаттығу

• Тұрған жағдайда еңкейіңіз, арқаңызды жәйлап дөмпитіңіз және басыңызды түсіріңіз;
• Осы жағдайда біраз шулы дем алыңыз;
• Жәйлап түзеліп тұрыңыз және қалыпты дем шығарыңыз.
Бұл жаттығуды 6-8 рет 8 мәртеден жасап қайталау керек.

Дауыс жоғалса, не істеу керек?

Опубликовано: November 16, 2019 в 5:09 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Дисфония – дауыстың жоғалуына әкелетін дауыс шымылдықтарына күштің артық түсуі немесе тітіркенуі болатын жағдай. Дисфония себептері көп – қарапайым тұмауратудан және бөлмедегі ауаның құрғақтығынан және шаңның көптігінен бастап психосоматикалық ауруларға дейін.

Дауысыңыз жоғалса, не істеу кере?

• Дисфония пайда болған кезде – дауыс шымылдықтарына әдейі қасақана күш түсіруден қашу.
• Осы жағдаймен ілесе жүретін ең басты аңыздардың бірі – сыбырлап сөйлеуге тырысу. Оны түсіндірейік – сыбырлап сөйлеген кезде, шымылдықтарға аса қатты күш түседі, ол сауығу үдерісін кейінгі қалдырады. Бір қалыпты тыныш тонда сөйлеу керек.
• Вокалмен музыка тыңдамаңыз (әсіресе бұл кәсіби әншілерге қатысты) – дауысты қалпына келтіруге көмек беретін тағы бір кеңес. Тіпті қалыпты музыка тыңдаған кезде де, біз «ішімізден» сөздерін айтып тұрамыз. Бұдан шымылдықтар қатты тырысады, ал қалпына келтіру үдерісі тежеліп қалады.
• Дауыс жоғалғанда халық емі көмектеседі: мысалы, ұсақталған имбирьді жылы суға езіп ішу. Бұл ерітіндіні жылы күйінде аз-аздан жұтып ішу керек.
• Дауысты қалпына келтірудің тағы бір халық емі 50 де 50 пропорциясымен араластырылған сүт пен көк шайдың жылы ерітіндісі болып табылады.

Жоғалған дауысты қалай қалпына келтіру керек?

Опубликовано: August 26, 2019 в 3:50 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Дауысты уақытша жоғалту немесе афония, ауырудың, стресстің, не дауыстың кәсіби түрде шаршауы салдарынан дауыс шымылдығында (желбезекте) болатын ауыратын үдерістердің себебінен туындайды. Бұл ретте сыбырлап сөйлеу мүмкіндігі сақталады.

  • Дауысты уақытша жоғалтқан кезде, афония кезінде, желбезектердің қалпына келуі үшін бірнеше күн сөйлемеу керек екендігін есіңізде сақтаңыз. Мұндай кезде сыбырлап та сөйлемеуге тырысу керек.
  • Жылы сұйықтықты көп мөлшерде ішу де дауыс шымылдығын жылдам қалпына келтіруге көмектеседі.
  • Афония кезінде өте тәтті, қышқыл және тұзды тағам ішпеген жөн. Уақытша шемішке шағу, қатқан нан және цитрусты жемістерді жеуді де тоқтатыңыз – мұндай тағам дауыс шымылдықтарын тітіркендіреді.
  • Тамақтың шырышты бөлігі ылғи ылғалды болып тұруы үшін, бөлмеде ылғалдылық деңгейін сақтауды ұмытпаңыз.

Келесі мына екі жаттығу жоғалған дауысты қалпына келтіруге көмектеседі. Мұны күніне кем дегенде 2 мәрте жасаңыз, сонда пайдасын көп ұзамай көрсесіз.
1-ші жаттығу:

  • Орындыққа отырыңыз, аяқтарыңызды біріктіріп қойыңыз және денеңізді сәл алдыға еңкейтіңіз.
  • Мұрын арқылы терең демалыңыз және қолыңызды жоғары көтере тұрып, деміңізді бірнеше секунд шығармай ұстаңыз.
  • Демді шығарғанда «п-ф-ф» деген дыбыс шығарыңыз. Жаттығуды бірнеше мәрте қайталаңыз.

2-ші жаттығу:

  • Тік тұрыңыз, ішіңізді тартыңыз және пресс жасаңыз.
  • Алақаныңызды жұдырыққа түйіңіз және ерініңізді түтікше тәрізді жасаңыз. Жылдам дем алыңыз да деміңізді бәірнеше секунд шығармай ұстаңыз.
  • Деммен бірге шынтағыңызды бүгіп, қолыңызды иыққа қарай көтеріңіз.

Вокалды диета
Дауысты қатты шаршатқан кезде, вокалистерге және дәріс оқушыларға вокалды диета керек. Диета кезінде тек вокалды және дауыс жаттығуларын жасаған жөн, ал жаттығу уақыты күніне 40 минуттен аспауы керек.
Жаттығуды кең, ауасы жақсы аллмасатын, жұмсақ жиһазы жоқ бөлмеде жасаған дұрыс. Жұмсақ жиһаздарда көптеген шаң тозаңдардың жинақталуымен қатар, ол дыбысты басады, ал ол вокалиске өзінің нақты дауысын естуге кедергі болады.
Өте қатты жүктеме кезінде, тамақтың жыбырлауын және қарлығуын басуға ислан мүгінің негізінде жасалған Исла сорғыштары көмектеседі.

Дауыс қысқыштарымен қалай күресу керек және дауысты қалай күшейту керек?

Опубликовано: August 26, 2019 в 12:47 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Өзіңіздің дауысыңыздың «қысылып» тұрғанын қалай жиі байқайсыз? Дауыстың «қысылуын» ғалымдар стресске психологиялық реакция жасаумен байланыстырады – мұндай стресс үнемі болып тұруы мүмкін, тіпті оның салдарынан біз осындай жағдайда екенімізді байқамауымыз да мүмкін. Басылған дауыс қарым-қатынас жасау сапасына әсер етеді, ал егер сіздің кәсібіңіз сөз сөйлеумен байланысты болса ше, онда дауыстың басылуы көпшіліктің ақпаратты қабылдауын төмендетеді. 
Дауыстың «қысылып» тұрғанын қалай анықтайды және жояды?  

    • Дауысы қысылып тұрған адамдардың сөздері жасанды жымию арқылы шығатынын жиі байқауға болады. 
      • Неғұрлым еркін сөйлеу үшін, мұрын және ерін бұлшық еттерін және жақты босаңсытыңыз.
    • Көмейдің басылып тұруы себепті тамағыңызда түйін тұрғанын сезесіз. Мұндай жағдай, көбінесе, көз жасын, не қатты эмоцияны тежеуге тырысқан кезде болады. 
      • Басылған көмейді босаңсыту үшін, жайлап күліп немесе есінеп көріңіз. 
  • Өте кері эмоцияны, мысалы, ашуды тежеуге тырысқан кездегі жақты қарыстыру. 
    • Жағыңызды бір жақтан екінші жаққа қарай жылжытыңыз, сол кезде басылған бұлшық еттер босаңсиды. 

Дауысты күшейтуге арналған жаттығулар
Жаныңыздағы адам сіз айтқан ақпараттың 7% ғана қабылдайтынын сіз білесіз бе? Барлық қалған қабылдаулар интонация, дикция, дауыс тембрі және эмоциялық сөз астары арқылы жүргізіледі. Сіз «түссіз дауыс» дегенді білетін шығарсыз – харизмасы мен жеке ерекшелігі жоқ дауыс. Мұндай адамдарды жиі тыңдайды, бірақ естімейді. Дауыстың басылғанын жою – әдемі дикцияға жету жолындағы алғашқы баспалдақ, ал дауыс неғұрлым сенімді шығуы үшін, дауыс шымылдығын күшейтуге арналған жаттығуларды жасаңыз. 

  • «Жымию» жаттығуы: ауаны асықпай жұтыңыз, ауаны шығаратын кезде жымиыңыз және жеңіл дыбыс шығарыңыз (кез келген дыбыс бола алады). 
  • «Ұзақ буындар» жаттығуы: шымылдықтарға арналған бұл жаттығуды таңғы уақытта жасаған дұрыс. Ауаны терең жұтыңыз, ауаны шығаратын кезде «бом-м», «бим-м», «бон-н» деген дыбыс шығарыңыз, жаттығуды 10 минут бойы қайталаңыз.  
  • Дауыстың «мәнерлілігіне» арналған жаттығу: түзу тұрыңыз, аяқтарыңызды ашып, иықпен теңестіріп қойыңыз. Тепе-тең демалыңыз, ауаны ішіңізге тартыңыз және бірден «ха!» деген дыбыс шығара отырып деміңізді шығарыңыз. 

Дисфония себептері: инфекциялар, улану, аллергия. 1-ші бөлім

Опубликовано: August 23, 2019 в 4:07 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Адамның дауысы көмейдің дауыс тесігі мен дауыс шымылдықтары арқылы өтетін ауа ағынының көмегімен қалыптастырылады. Шымылдықтар тегіс емес болған немесе кейбір жерлері қалыңдаған кезде, дауыс қарлығып және қырылдап, өзгереді. Дауыстың жоғарылығы, жиілігі мен тембрі өзгерген кездегі дауыстың жағдайы дисфония деп аталады. Дисфония дауыс шымылдықтарының құрылымдық өзгерістерімен байланысты. Олардың ең тараған түрі – инфекциялар, улану және аллергиялық реакциялар.
Инфекциялар
Көмейдің шырышты қабатына түскен вирустар дисфонияның ең жиі болатын себептерінің бірі. Вирустардың шырышты органдарға түсуінің салдары: көмей қабынатын ларингит, сондай-ақ, көмейдің қабынуымен қатар, дауыстың қырылдауын туындататын кеңірдектің жоғарғы бөліктері әрекет ететін ларинготрахеит болып табылады. Тамақтағы жағымсыздық пен дауыс проблемасы дене қызуының көтерілуіне және жөтел сияқты синдромдармен қоса жүреді. Бұл симптомдар тұмау, ОРВИ және аденовирусты инфекциялар кезінде анық байқалады.
Улану
Дауыстың қарлығуы мен қырылдауы көптеген жағдайларда зиянды булармен улану салдарынан болады.

  • Ауадағы хлордың өте көп болуы дауыстың қырылдауына, құрғақ жөтелуге, дауыс тесіктерінің тарылуына, кейбір ауыр жағдайларда афонияға (дауысты жоғалтуға) және өкпенің ісуіне әкелуі мүмкін.
  • Аммиакпен улану тамақтың қышуына, ылғалды жөтелуге, өкпе тұсының ауыруына әкеледі. Кейбір ауыр жағдайларда өкпенің ісуіне әкелуі мүмкін.
  • Фтордың жоғары концентрациясы көзді ауыртады (жас ағады және қызарады), түшкіртеді, жөтелтеді. Ауыр түрде уланған кезде фтор қанды іш өтуді, аяқ-қолдың тырысуын және сандырақтауды шақырады.
  • Аллергия
    Дисфония Квинке ісігі кезінде бастапқы кезең болуы мүмкін. Квинке ісігі – ағзаның аллергендерге – қоршаған ортаның әр түрлі биологиялық және химиялық факторларға реакциясы. Мысалы, қандай да бір тағам, дәрі, тозаң немесе иіс аллерген болуы мүмкін. Ағза аллергендерге жоғары сезімталдық көрсетеді, осыған байланысты ісік өседі. Квинке ісігінің алғашқы белгісі дауыстың қырылдауы, одан кейін тез арада көмейдің түйілуі және демалудың қиындауы. Адамның беті мен қол-аяғы боп-боз болады және көгереді, сондай-ақ есінен тануы да мүмкін.
    Квинке ісігі ағзаның жеткілікті түрде маңызды жағдайы болып табылады, сондықтан да алғашқы белгілері білінген кезде, тез арада жедел жәрдем шақыру керек және аллергенмен байланысын үзу керек.
    Келесі мақалада дисфонияны болдыруы мүмкін тағы да үш себептер туралы оқыңыздар.

Дисфония себептері: метаболизмнің бұзылуы, күйіктер, шымылдықтардың жарақаттануы. 2-ші бөлім

Опубликовано: August 23, 2019 в 12:10 pm

Автор:

Категории: Uncategorized @kz

Дисфония туралы алдыңғы мақалада біз дауыстың уақытша жоғалуының көп тараған үш себептерін: инфекциялық аурулар, улану және аллергиялық реакцияны қарастырдық. Бұл мақалада біз дауыстың жоғалуының маңыздылығы кем емес басқа да себептерін қарастырамыз.

Зат алмасудың бұзылуы

Қалқанша без, нақтырақ айтсақ ол шығаратын гормондар, дауыстың өзгеруінің себебі болуы мүмкін. Қалқанша бездің гормондар бөлуінің төмендеуі дауыс сипаттамасына тікелей әсер етеді. Зат алмасу салдарынан, қалқанша бездің ұлпаларында сұйықтық жиналады, ол көмейдің шырышты қабатын ісіреді. Көмейдегі ісік, өз кезегінде, дауыстың қарлығуы мен қырылдауының себебі болады.

Химиялық күюлер
Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер салдарынан болатын әр түрлі күюлер де, дауыстың уақытша жоғалуының себебі болуы мүмкін.

  • Никотинмен және спиртпен үнемі байланысқан кезде дауыс шымылдығының ісігі ұлғаяды. Темекі шеккендегі жинақталатын зиянды қалдықтар, дауысты қарлықтырады, ал спиртті ішімдіктерді жиі қолданған кезде, дауыс қырылдайды.
  • Уксус қышқылының жоғары концентрациясы дауыс шымылдығында түйіндердің пайда болуына себеп. Концентрацияның артуы, тұз қышқылы өңешке шығарылып және көмейге түсуі мүмкін қыжылмен байланысты болуы мүмкін.

Шымылдықтарға артық күш түсіру
Дауыс шымылдықтарына артық күш түсіру – дәріс оқушылар мен әншілердің тұрақты жағдайы. Бұл белгіге «дәрістік ларингит» деген ат берілген. Әртістер мен әншілер бұл жағдайда дауысқа арналған арнайы жаттығулар жасайды және күнделікті өмірде дауыс шымылдығына мүмкіндігінше аз күш түсіруге тырысады.

Қарапайым адамның дауысының қырылдауы мен қарлығуы қатты айқайлағаннан болуы мүмкін. Бұл жағдайда дауысты жоғалтып алу мүмкін, адам бірнеше күн сөйлей алмай қалады.

Дауыс шымылдықтарына артық күш түсіру әдетте, бірнеше күннен кейін қайтады, алайда, егер дауыс шымылдықтарымен дұрыс жұмыс жасамаса, оларда түйіндер пайда болуы мүмкін, ал олар хирургиялық жолмен жойылады.

Баланың дауысының қырылдауы
Баланың дауысының қырылдауы үлкен адамдарда болатын себептермен байланысты болуы мүмкін (біздің дисфония туралы мақаламызды оқыңыз), алайда, емдеу курсын анықтауға және себепті уақытында табуға көмектесетін бірнеше ерекшеліктер болуы мүмкін.

Көмейдегі туа біткен аномалиялар
Папиллломатоз – еметін балалардың көмейінде үлкен емес папиллома түрінде жиі пайда болады. Көбінесе бұл ауру 1-4 жастағы балаларда кездеседі. Папиллломатоздың ерте білінетін белгілерінің бірі деп дауыстың қарлығуын санайды. Дұрыс диагноз қойылған кезде папиллломатоз емделеді.

Бөтен денелер
Көмейдегі бөтен заттар – балалардың дауыстарының қарлығуының ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Көмейде бөгде дененің бар екенін анықтау үшін, емдейтін маман ларингоскопиядан өткізеді.

Айқай
Егер бала үздіксіз айқайласа – ол оның дауысына әсер етеді, ал дауыс шымылдығында «түйіндер» пайда болады, ал ол дауыстың қарлығуына және дауыстың өзгеруіне себеп болады.

Дауысты «пайдалана» алмау
Егер көмейге зерттеу жүргізгенде анатомиялық өзгерістер байқалмаса, онда бала өзінің дауысын «пайдалануды» дұрыс үйренбеген болып табылады. Бұл жағдайда арнайы дәрігер – фониатр көмектеседі.

Жасөспірімдердегі гормоналдық өзгерістер
13-16 жаста ер балалар ағзасында гормоналдық өзгерістер пайда болады, ол олардың дауысында байқалады. Дауыстың тембрі шиқылдаудан төменгі дауысқа дейін өзгеруі мүмкін. Әдетте жасөспірімнің ағзасындағы гормоналдық теңсіздік 6-7 айда қалпына келеді. Егер де дауыстыағы өзгерістер ұзақ уақытқа созылса, емдейтін маманға көрінген дұрыс.