Дауысқа арналған тыныс алу жаттығулары

Дауысқа арналған тыныс алу жаттығулары

Тыныс алу – дұние есегін ашқан сәттен басталатын рефлекторлық үдеріс. Өмір бойы бізде, тыныс алу органдарына қатыстыларын қоса алғанда, бұлшық еттердің әртүрлі тырысулары болады. Тыныс алу жаттығуларын бұрыс жасау, кейбір жағдайларда, тыныс алу жолдарының әрүрлі ауруларын қоздыруы да мүмкін. Дауыс пен тыныс алу өзара тығыз байланысты және көбінесе дұрыс тыныс алу әдемі және сенімді тембрге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тыныс алу жаттығулары тіпті кәсіби әнші немесе дәріс оқушы болмасаңыз да өте пайдалы болып табылады. Олар дауыс шымылдықтарындағы қысылуды алуға көмектеседі, дауысты едәуір жайлы, естуге жағымды етеді, сонымен қатар тыныс алу аппаратының қызмет етуі үшін өте маңызды дем алу үдерісінің өзін түзетеді.

Эстрадалық және опера әншілерінің пайдаланатын көптеген тыныс алу жаттығулары йога тәжірибесіне негізделеді. Бұл техника дауыс шымылдықтарын босаңсытуға, қалпына келтіруге және нығайтуға мүмкіндік береді.

Ересек адамдар да, балалар да орындауға болатын жаңадан бастаушыларға арналған 3 тыныс алу жаттығулары:

№1 жаттығу
• Тік тұрыңыз және саусақтарыңызды денеңіздің бойымен ашып қойыңыз;
• Мұрыныңызбен дем алыңыз;
• Мұрын немесе ауыз арқылы қысқа және жылдам дем шығарыңыз, және алақандарыңызды жұдырыққа түйіңіз.

• Жаттығуды 5-6 рет, әрбір қайталау алдында біраз үзіліс жасап алып қайталау керек;
• Есіңізде болсын, саусақтарыңыз жұдырыққа түйілгеннен кейін, босаңсуы керек. Дем шығаруды міндетті түрде қадағалаудың керегі жоқ. Барлық назарды демді ішке тартуға аудару керек;
• Жаттығу барысында ауаны ұстап қалмаңыз;
• Жаттығуды тұрып та, отырып та жасауға болады.

№2 жаттығу

• Қолдарыңызды жұдырыққа түйіңіз және оларды беліңіздің тұсына қойыңыз;
• Мұрыныңызбен шулы дем алыңыз және осымен бір уақытта жұдырықтарыңызды қатты түйіңіз. Бұл жерде иықтарыңыз да жиырылуы тиіс, ал жұдырықтарыңыз еденге қарай бойлауы керек;
• Дем шығара отырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
Жаттығуды 2-3 рет тұрып, отырып және жатып 8 мәртеден қайталауға болады.

№3 жаттығу

• Тұрған жағдайда еңкейіңіз, арқаңызды жәйлап дөмпитіңіз және басыңызды түсіріңіз;
• Осы жағдайда біраз шулы дем алыңыз;
• Жәйлап түзеліп тұрыңыз және қалыпты дем шығарыңыз.
Бұл жаттығуды 6-8 рет 8 мәртеден жасап қайталау керек.