Нұсқаулықтар

Дәрілік затты медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық Исла-Минт®

Саудалық атауы
Исла-Минт®
Дәрілік түрі
Соруға арналған пастилкалар
Құрамы
Бір пастилканың құрамында белсенді зат - исландия мүгінен алынған сулы сығынды (2 - 4 : 1) 100.00 мг, қосымша заттар: гуммиарабик 85%, сорбитол ерітіндісі 70% (кристалданусыз), сығындыдан алынған сорбитол ерітіндісі 70%, аспартам, бұрышты жалбыз майы, хлорофиллин мыс кешені Е 141, сұйық парафин, тазартылған су.
Сипаттамасы
Жайпақ, біркелкі емес дөңгелектелген, линза тәрізді, резеңке тәрізді, бұрыш жалбызының дәмі бар жасыл пастилкалар, биіктігі 4,6 мм - 0,6 мм / +1.4 мм, диаметрі 16,0 мм ± 0,5 мм. Құрамында ауа көпіршіктері болуы мүмкін
Фармакотерапиялық тобы
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар АТХ коды R02A
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакодинамикасы Исла-Минт пастилкалары препаратының құрамында ежелгі өркениет кездерінде тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында өзінің жағымды емдік әсерімен танымал болған исландия мүгі дәрілік шөбінен алынған сығынды бар. Исла-Минт пастилкалары препаратының емдік әсері тыныс алу жолдарының катаральді ауруларында бірінші кезекте ондағы өсімдік сығындысының микробқа қарсы белсенділігіне және иммунитетті стимуляциялайтын әсерге негізделеді, бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Препарат құрамындағы полисахаридтер ауа өткізгіш жолдардың шырышты қабығын бүркемелейді және оларды сыртқы зиянды факторлар мен түрлі тітіркендіргіштерден тиімді қорғайды. Препараттың бүркемелегіш әсері де болғандықтан, оны профилактика мақсатында да, мысалы, тыныс алу жолдарының ерекше сезімталдығында немесе оларға жүктеме жоғары болғанда (соның ішінде спортпен шұғылданғанда) қолдануға болады. Суық тию қаупі болғанда шырышты қабықты қорғауға қабілетті Исла- Минт пастилкалары препаратын профилактикалық тұрғыда қолдану тыныс алу жолдарының түрлі инфекцияларға шалдыққыштығын төмендете алады.
Қолданылуы
- құрғақ жөтелмен, қарлығумен, катаральді бронхитпен қатар жүретін жоғары тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында, бронх демікпесі кезінде кешенді ем құрамында - әншілердегі, мұғалімдердегі, лекторлардағы дауыс байламдарына жоғары жүктемеде - жылыту кезеңінде тұрғын үй және кеңсе бөлмелерінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығының құрғауында, сондай-ақ, мұрынмен тыныс алу шектелуінде немесе спортпен шұғылданғанда
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: ауызда баяу еруге мүмкіндік бере отырып, сағат сайын 1 пастилкадан қабылдау керек (тәулігіне 12 пастилкадан). 4-тен 12 жасқа дейінгі балалар: ауызда баяу еруге мүмкіндік бере отырып, әр 2 сағат сайын 1 пастилкадан қабылдау керек (тәулігіне 6 пастилкадан). Емдеу курсы – 10 күн. Егер препаратты 10 күн қолданғаннан кейін жағдайы жақсармаса, дәрігермен кеңесу қажет. Исла-Минт пастилкалары дәрілік заты жақсы көтерімді болғандықтан, ұзақ уақыт бойы қолдануға болады. Бұдан бөлек, ауру симптомдарын жойғаннан кейін де тұрақты емдік әсерге қол жеткізу мақсатында Исла- Минтті тағы 2-3 күн қабылдау керек. Тыныс алу жолдарын қорғау үшін профилактикалық мақсатта оларға жоғары күш түскенде (тамақтың жыбырлау сезімі немесе жоғары жүктеме, мысалы, сөйлеу, спорт) Исла-Минт препаратын ауызда баяу еруіне мүмкіндік бере отырып, бұл ретте ең жоғары тәуліктік дозадан асырмай, тәулігіне бірнеше рет 1 пастилкадан қабылдау керек.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың қандай да бір ингредиентіне аса жоғары сезімталдық Өте сирек -іш жүргізетін әсері, препарат құрамында сорбит болғандықтан
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың қандай да бір ингредиентіне жоғары сезімталдық - фенилкетонурия болғанда препарат құрамында тәттілендіргіш аспартам бар екенін ескеру керек - фруктозаны көтере алмаушылық - 4 жасқа дейінгі балаларға
Айрықша нұсқаулар
Исла-Минт препаратының құрамында қант жоқ, сондықтан оны қант диабетінен зардап шегетін науқастарға тағайындауға болады. 1 пастилка 0,03 нан бірлігіне = 0,385 г көмірсуға сәйкес келеді. Исла-Минт пастилкалары препаратының құрамындағы исландия мүгінен жасалған өсімдік сығындысы кейде препараттың түсі мен дәмін өзгертуі мүмкін, бұл емдік әсеріне ықпал етпейді. Жүктілік және лактация кезеңі Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың жағымдылығы туралы деректер жоқ. Қажет жағдайда, дәрігерден кеңес алғаннан кейін қолдануға болады. Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Әсер етпейді
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 пастилкадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз.
Өндіруші/Қаптаушы ұйым
Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ. Херцбергштрассе 3, 61138 Нидердорфельден, Германия.
Тіркеу куәлігінің иесі
Энгельхард Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ. Херцбергштрассе 3, 61138 Нидердорфельден, Германия Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Альпен Фарма» ЖШС Алматы қ., Жетісу-2 ықш.ауд., 80 үй, 54 пәтер. Тел./факс + 7 727 2265306 E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com