Сұрақ-жауап

Қандай патологияларда Исла Минт және Исла Моос препараттарын қолданады?
Жауап: Исла Минт: - құрғақ жөтелмен, қарлығумен, катаралды бронхитпен бірге жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну аурулары, бронхиалды астма кезінде кешенді терапия құрамында; - мұғалімдердің, дәріс оқушылардың, әншілердің дауыс шымылдығына шамадан көп күш түсу; - жылыту кезеңінде тұрғын және кеңсе бөлмелерінде, сондай-ақ мұрынмен әрең демалғанда немесе спорттық жаттығулар кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының құрғақтануы. Исла Моос: - тамақтың қышуы, қарлығу; әншілер мен дәріс оқушылардың дауыс шымылдықтарына шамадан көп күштің түсуі; - жылыту кезеңіндегі ауаның құрғақтығы; - мұрынмен әрең демалған кезде.
Исла Минт және Исла Моос препараттары препараттардың қандай тобына жатады?
Жауап: - тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар.
Исла Минт және Исла Моос препараттарының фармакологиялық әрекеті қандай?
Жауап: - қорғаныс; - антимикробты; - қабынуға қарсы; - имммуноынталандыру.
Исла Минт және Исла Моос препараттарын қай жастан бастап пайдалануға болады?
Жауап: - 4 жастан бастап.
Исла Минт және Исла Моос препараттарын екіқабат және бала емізетін кезде пайдалануға бола ма?
Жауап: - препаратты тек ана үшін күтілетін пайдасы мен іштегі бала мен нәресте үшін болуы мүмкін қауіптің қатынастарын алдына ала бағалағаннан кейін ғана, екіқабат және бала емізетін кезде пайдалануға болады.
Исла Минт және Исла Моос препараттарын пайдалану көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ете ме?
Жауап: - әсер етпейді.
Исла Минт және Исла Моос препараттарының құрамында спирт, қант және бояғыштар бар ма?
Жауап: - жоқ.
Исла Минт және Исла Моос препараттарын қабылдау ұзақтығы?
Жауап: - емдеу курсы – 10 күн. Егер препаратты 10 күн бойы пайдаланғаннан жағдайыңыз жақсармаса, дәрігермен кеңесу керек.
Сұрағыңызды қойыңыз