Дисфония себептері: метаболизмнің бұзылуы, күйіктер, шымылдықтардың жарақаттануы. 2-ші бөлім

Дисфония себептері: метаболизмнің бұзылуы, күйіктер, шымылдықтардың жарақаттануы. 2-ші бөлім

Дисфония туралы алдыңғы мақалада біз дауыстың уақытша жоғалуының көп тараған үш себептерін: инфекциялық аурулар, улану және аллергиялық реакцияны қарастырдық. Бұл мақалада біз дауыстың жоғалуының маңыздылығы кем емес басқа да себептерін қарастырамыз.

Зат алмасудың бұзылуы

Қалқанша без, нақтырақ айтсақ ол шығаратын гормондар, дауыстың өзгеруінің себебі болуы мүмкін. Қалқанша бездің гормондар бөлуінің төмендеуі дауыс сипаттамасына тікелей әсер етеді. Зат алмасу салдарынан, қалқанша бездің ұлпаларында сұйықтық жиналады, ол көмейдің шырышты қабатын ісіреді. Көмейдегі ісік, өз кезегінде, дауыстың қарлығуы мен қырылдауының себебі болады.

Химиялық күюлер
Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер салдарынан болатын әр түрлі күюлер де, дауыстың уақытша жоғалуының себебі болуы мүмкін.

  • Никотинмен және спиртпен үнемі байланысқан кезде дауыс шымылдығының ісігі ұлғаяды. Темекі шеккендегі жинақталатын зиянды қалдықтар, дауысты қарлықтырады, ал спиртті ішімдіктерді жиі қолданған кезде, дауыс қырылдайды.
  • Уксус қышқылының жоғары концентрациясы дауыс шымылдығында түйіндердің пайда болуына себеп. Концентрацияның артуы, тұз қышқылы өңешке шығарылып және көмейге түсуі мүмкін қыжылмен байланысты болуы мүмкін.

Шымылдықтарға артық күш түсіру
Дауыс шымылдықтарына артық күш түсіру – дәріс оқушылар мен әншілердің тұрақты жағдайы. Бұл белгіге «дәрістік ларингит» деген ат берілген. Әртістер мен әншілер бұл жағдайда дауысқа арналған арнайы жаттығулар жасайды және күнделікті өмірде дауыс шымылдығына мүмкіндігінше аз күш түсіруге тырысады.

Қарапайым адамның дауысының қырылдауы мен қарлығуы қатты айқайлағаннан болуы мүмкін. Бұл жағдайда дауысты жоғалтып алу мүмкін, адам бірнеше күн сөйлей алмай қалады.

Дауыс шымылдықтарына артық күш түсіру әдетте, бірнеше күннен кейін қайтады, алайда, егер дауыс шымылдықтарымен дұрыс жұмыс жасамаса, оларда түйіндер пайда болуы мүмкін, ал олар хирургиялық жолмен жойылады.

Баланың дауысының қырылдауы
Баланың дауысының қырылдауы үлкен адамдарда болатын себептермен байланысты болуы мүмкін (біздің дисфония туралы мақаламызды оқыңыз), алайда, емдеу курсын анықтауға және себепті уақытында табуға көмектесетін бірнеше ерекшеліктер болуы мүмкін.

Көмейдегі туа біткен аномалиялар
Папиллломатоз – еметін балалардың көмейінде үлкен емес папиллома түрінде жиі пайда болады. Көбінесе бұл ауру 1-4 жастағы балаларда кездеседі. Папиллломатоздың ерте білінетін белгілерінің бірі деп дауыстың қарлығуын санайды. Дұрыс диагноз қойылған кезде папиллломатоз емделеді.

Бөтен денелер
Көмейдегі бөтен заттар – балалардың дауыстарының қарлығуының ең жиі кездесетін себептерінің бірі. Көмейде бөгде дененің бар екенін анықтау үшін, емдейтін маман ларингоскопиядан өткізеді.

Айқай
Егер бала үздіксіз айқайласа – ол оның дауысына әсер етеді, ал дауыс шымылдығында «түйіндер» пайда болады, ал ол дауыстың қарлығуына және дауыстың өзгеруіне себеп болады.

Дауысты «пайдалана» алмау
Егер көмейге зерттеу жүргізгенде анатомиялық өзгерістер байқалмаса, онда бала өзінің дауысын «пайдалануды» дұрыс үйренбеген болып табылады. Бұл жағдайда арнайы дәрігер – фониатр көмектеседі.

Жасөспірімдердегі гормоналдық өзгерістер
13-16 жаста ер балалар ағзасында гормоналдық өзгерістер пайда болады, ол олардың дауысында байқалады. Дауыстың тембрі шиқылдаудан төменгі дауысқа дейін өзгеруі мүмкін. Әдетте жасөспірімнің ағзасындағы гормоналдық теңсіздік 6-7 айда қалпына келеді. Егер де дауыстыағы өзгерістер ұзақ уақытқа созылса, емдейтін маманға көрінген дұрыс.